$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.06.2021, 09:00
Оқиғалар

Түркістан облысында каналдан 6 жасар баланың мәйіті табылды

Қайғылы оқиға Абай ауылында болған

Түркістан облысында каналдан 6 жасар баланың мәйіті табылды

Түркістан облысында каналдан 6 жасар баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Келес ауданы Абай ауылында болған. Бүлдіршін 13-ші маусым күні кешқұрым уақытта белгісіз жағдайда жоғалып кеткен.

Куәгерлер 2015 жылы туған баланы соңғы рет канал маңында ойнап жүргенде көрген екен. 3 күнге созылған іздеу нәтижесінде құтқарушылар баланың денесін Ошақты каналынан тауып, мәйітті судан шығарды.

 «Аудандық төтенше жағдай бөліміне хабарласып, арнайы судан құтқару жасағы шақыртылған. 15 маусым күні таңғы сағат 9:45-те баланың денесі табылып, судан шығарылды. Бүгінгі таңда болып жатқан жағдайлардың негізгі себептері - рұқсат етілмеген жерлерде шомылу және балалардың ата-ананың қарауынсыз қалуы», - дейді Түркістан облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Қанат Қарабалаев.

Серіктес жаңалықтары