11.06.2021, 21:58
Оқиғалар
Шымкентте ер адам өзгенің 5 млн теңгелік күрішін иемденіп кеткен
Қазіргі уақытта тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр
Шымкентте алаяқ тұрғынның бес миллион теңгелік күрішін иемденіп кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, Еңбекші аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған.
«Шағымданушы 17 мамыр күні сағат 13:00 шамасында 380 тонна күрішін белгісіз адамның заңсыз иемденіп, ақшасын төлеместен, белгісіз бағытқа қашып кеткенін жазып көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі бес миллион теңгені құрайды», - делінген хабарламада.
Еңбекші АПБ КПБ қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, жеткізілді. Тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 11:11
«Ауыр ыдыс-аяқты тегенемен жалғыз тасытқан»: Шымкентте 13 жастағы бала көз жұмған тойхана әкімшілігі пікірлерді неге өшіріп жатыр