ШұғылҚазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны азайып келеді

Оралда келіншекті соққыға жығып, пышақтап кеткен ер адам ұсталды

Қазіргі уақытта 36 жастағы жәбірленуші жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр

Оралда 37 жастағы азамат дүкен сатушысы болып істейтін келіншекті тепкілеп, пышақтап тастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта 36 жастағы жәбірленуші жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр.

Оқиға бақылау камерасына жазылып қалған. Ер адам дүкенге кіріп, екі сатушы мен кішкентай қызды бұрышқа тақап, құқай көрсетіп тұр. Кейін екі әйел де таяқ жеп, шеттегісі бірнеше мәрте пышақталады. Кішкентай қыз анасын қорғап әлек. Бірақ қаскөй оған қарап жатқан жоқ. Сосын оқиға орынан із суытады.

Бірақ дүкеннен шыға бергенде тәртіп сақшысының көзіне түсіп ұсталып қалады. Ол Ақтөбе қаласының 37 жастағы тұрғыны болып шықты. Оның жәбірленушімен бірнеше жылдан бері байланысы болып, Оралға жиі келіп жүрген. Сол күні кезекті мәрте келіншекті іздеп келген беті екен.

Ал тәртіп сақшылары күдіктінің бұл қадамға баруына қызғаныш себеп болған дейді. Қылмыс жасаған кезде мас болыпты. Келіншекті мерт қыла жаздаған Ақтөбе тұрғыны қамауға алынды. Ал жәбірленуші жансақтау бөлімінде жатыр.