ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 1,5 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды

Кәуапханадан басталған: Алматы орталығында дүкен өртенді

Өрттің жалпы аумағы 260 шаршы метр болған

Фото: zakon.kz

Алматы қаласында Розыбакиев пен Сәтпаев көшелерінің қиылысында дүкен өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірушілер «Беккер және К» компаниясының үш қабатты әкімшілік ғимаратын өрттен аман алып қалған.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде бір қабатты дүкеннің өртеніп жатқанын көрген. Тілсіз жау оның жанындағы жапсарлас үш қабатты ғимаратқа жайылған. Құтқарушылар тез арада іске кірісіп, өртті солтүстік, оңтүстік және батыс тараптан сөндіруге жұмылдырылды», - делінген қалалық ТЖД хабарламасында.

Өрт түнгі сағат 01:05 шамасында толық сөндірілген. Өрттің жалпы аумағы 260 шаршы метр болған.

ТЖД дағдарыс орталығы басқармасы жалынды онлайн режимде бақылап отырды.

Оқиға орнында 19 техника мен 70-тен астам қызметкер жұмыс істеді.

Өрттен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.