$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.06.2021, 09:44
Оқиғалар

СҚО тұрғыны қолдан граната жасаған

Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

СҚО тұрғыны қолдан граната жасаған

Солтүстік Қазақстанда зейнеткер қолдан граната жасаған. Полицейлер жарылғыш затты тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Тексеру барысында ер адамның үйінен жарылғыш құрылғылар жасауға арналған басқа да заттар, сондай-ақ патрондар мен қолдан жасалған екі граната анықталды.

Сараптама қолдан жасалған граната жарылғыш және күйдіргіш әсері бар жауынгерлік қару-жарақтарға жататынын растады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Шал ақын ауданының соты күдіктіні қамауға алуға санкция берді.

Серіктес жаңалықтары