ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

Павлодарлық кәсіпорында жұмысшы қаза тапты

Қайғылы жағдай 8 маусым күні «Кастинг» ЖШС-да болған 

Фото: ашық дереккөзден

Павлодарлық кәсіпорында жұмысшы қаза тапты. 32 жастағы тұрғын 8 маусымда кәсіпорындардың бірінде жұмыс орнында жарақат алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, термиялық күйік алған ер адам ауруханаға жатқызылған. 

Денсаулық сақтау басқармасы ер адамның көз жұмғанын хабарлады.

"Жедел жәрдемге қоңырау түн ортасында түсті. 1989 жылы туған пациентке дененің 90 пайызының 4 дәрежелі күйік диагнозы қойылған. Өкінішке орай, 5:15-те ер адам қайтыс болды", - деді басқармадан.

Облыстың өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің ақпараты бойынша, өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан «Кастинг» ЖШС металл кесушісі көз жұмған.

"Қайғылы оқиғаны тергеу нәтижесінде нақты себептер анықталады. Алдын ала мәліметтер бойынша, шөміш ашылып, сұйық металл құйылып кеткен", - деп атап өтті ведомство басшысының орынбасары Данияр Андасов.

Оқиғаны өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті Павлодар облысының еңбек департаментімен бірлесіп тергеп-тексеретін болады.