09.06.2021, 10:08
Оқиғалар
Екібастұзда зират маңынан өрт шықты
Өрт болған жерге 2 техника мен жеке құрамнан 8 адам жіберілді
Екібастұзда зират маңынан өрт шықты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Instagram әлеуметтік желісінде Екібастұз қаласының маңындағы зираттың жанында қоқыстар өртеніп, қою көк түтін көтерілгені түсірілген бейнеролик жарияланды. Ролик авторы «Бұл түтін қала ортасынан көрініп тұр» деп жазған.
Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл өрт ипподромның артындағы орыс зиратында шыққан.
«Құрғақ шөптер мен техникалық бұйымдар өртенді. Сол жерде 2 техника АЦ 8-5-40 пен жеке құрамнан 8 адам жіберілді. Өрт сөндірушілерді сумен қамтамасыз ету үшін қалалық су каналының су тасығышы қосымша жіберілді», - деді қала әкімдігінде.
Көп оқылған
16.09.2026, 06:14
Алматыда прокурордың қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады: полиция ресми түсініктеме берді
16.09.2026, 12:32
«Боди массаж жасайды»: экс-әйеліне маза бермеген Нұрсұлтан Жақсыген ақыры сотталып тынды
16.09.2026, 22:09
Астанада BMW жүргізушісі дрифт жасаймын деп бағанаға соғылды (ВИДЕО)
16.09.2026, 09:58
Елена Рыбакина биыл турнирлерден қанша табыс тапты