Ақтөбеде оқушыны зорлаған күдіктіні іздеуге кинологтар жұмылдырылды

Автор: Azattyq Rýhy

9 жасар қызды зорлаған күдіктіні іздеу жұмыстарын министрлік өз бақылауына алған

Ақтөбеде кәмелет жасқа толмаған қызға қатысты ауыр қылмыс жасаған күдіктіні ұстау бойынша жедел іздестіру іс-шаралары жалғасуда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Соталды тергеу басталды. Бейнебақылау камералары түгел тексеріліп, анықтау жұмысы жалғасып жатыр. Өңірге ІІМ Криминалдық полиция департаментінің басшылығымен арнайы құрылған топ келді. Штаб құрылып, қызметтік-іздестіру иттері бар кинологтар жұмылдырылған. Осы қылмысқа қатысы бар, осыған ұқсас қылмыстар үшін бұрын сотталғандардың бәрі, сондай-ақ пробациялық бақылаудағы адамдар тексеріліп жатыр. Аталған қылмысты ашуға бағытталған барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Тергеу барысы ІІМ басшылығының бақылауына алынған», - деп мәлімдеді облыстық ПД әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Айта кетсек, 13 желтоқсан күні түскі уақытта Ақтөбеде мектеп оқушысына белгісіз біреу зорлық көрсеткен. Аталған факт бойынша полиция іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жариялаған болатын.