ШұғылӨткен тәулікте Қазақстанда 835 адамнан COVID-19 вирусы анықталды

«Хан Шатырдан» өрт шықты

Өрт туралы хабарлама «101» пультіне 14 желтоқсан күні таңғы сағат 06.23-те түскен

Фото: ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Елордадағы «Хан Шатыр» сауда орталығындағы бутиктердің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Төтенше жағдайлар комиетіне сілтеме жасап.

ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтың мәлімдеуінше, «101» пультіне өрт туралы хабарлама 14 желтоқсан күні таңғы сағат 06.23-те түскен. Өрт сөндірушілер жеткен кезде, бірінші қабаттағы Climber бутигіндегі бұйымдар жанып жатқан.   

«Өрт сөндірушілер тұтанған отты дереу өшіруге кірісті. Жылдам әрекет етудің арқасында сағат 06.44 уақытында 5 шаршы метр аумақта жалындап жатқан өрт сөндірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталу үстінде. Өртті сөндіруге астаналық ТЖД жеке құрамындағы 8  техника мен 32 адам жұмылдырылды», – делінген хабарламада.