Шымкентте карантин талаптарын орындамаған рестобар анықталды

Рестобар әкімшісі түсініктеме жазудан бас тартқан

Шымкентте карантин талаптарын орындамаған рестобар анықталды
фото: 2gis.kz

4 маусым сағат 00:30-да Тәуке хан даңғылы №277 үйде орналасқан «Пандора» рестобары  карантиндік шектеулерді бұзып, келушілерді қабылдап жатқаны анықталды. Қызметкерлер мен даяшылар рестобар ішінде маска тақпай қызмет көрсеткен. Сондай-ақ тыйым салынғанына қарамастан меймандарға қорқор ұсынған.

Карантин талаптарын сақтамай жұмыс істеген рестобар әкімшісі түсініктеме жазудан бас тартып, оның үстінен акт толтырылды. Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.