ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

Түркістан облысының тұрғыны егістікті жалға алып, сора еккен

Күдікті ұсталып, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Түркістан облысының полицейлері егістікті жалға алып, сора еккен тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына Келес ауданында тұрғынның бірі есірткі затына ұқсас өсімдіктерді баптап өсіріп жатқандығы туралы хабарлама түседіКелес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тез арада іздестіру жұмыстарын жүргізді. Аталған жайтты СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) бойынша тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізді. 

Жан-жақты жүргізілген жедел-шаралардың нәтижесінде ақпарат көздері табылып, күдіктінің жеке басы мен мекен-жайы анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. 

Күдікті ер адамның Біртілек ауылдық округіне қарасты егістік алқапты жалға алып, есірткі еккені анықталды. Алқаптан жеті түп есірткі өсімдігі тәркіленді. Өз кезегінде тұрғын, аталған есірткіге ұқсас өсімдікті егіп-өсіргенін толығымен мойындады. Сондай-ақ айғақты зат ретінде алынған өсімдіктерге сот-сараптамалық зерттеу тағайындалды. Сараптама нәтижесімен алынған түптер сора есірткі заты болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, күдіктінің бас шарасы “қолхатта”.