Ақмолада 11 жастағы бала велосипед ұрлап кетті
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды
Ақмолада 11 жастағы бала велосипед ұрлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Күн сайын полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты тіркейді. Тәртіп сақшылары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабына сәйкес балаға тиісті күтім, білім және тәрбие беру қажеттілігін еске салады.
31 мамырда Көкшетау қаласы ПБ-ның кезекші бөліміне 37 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, көпқабатты үйдің ауласынан велосипед ұрланғанын хабарлады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Өтініш беруші келтірілген шығын сомасын 47 мың теңгеге бағалады. Жедел-іздестіру шаралары барысында облыс орталығының 11 жастағы тұрғыны анықталды.
"Осы теріс қылықты жасаған жасөспірімді ювеналды полиция қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылмаған тергеудегі ретінде есепке қояды", – деп түсіндірілді Көкшетау қаласының ПБ ювеналды полиция бөлімінде.
Есепке қою бір жылға созылады, қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған жағдайда және іс жүргізу шешімі қабылданғаннан кейін, сондай-ақ жасөспірімнің бір жыл ішінде оң мінез-құлқы болған жағдайда, ол есептен шығарылады.
Жағдай басқаша болған жағдайда 18 жасқа толғанға дейінгі барлық кезең ішінде кәмелетке толмағандарға профилактикалық бақылау жүргізіледі.