$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.06.2021, 09:18
Оқиғалар

Қызылорда тұрғыны үйінің ауласына есірткі еккен

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде

Қызылорда тұрғыны үйінің ауласына есірткі еккен

Қызылордада есірткі еккен тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

2 маусым күні Қызылорда облысы ПД-ті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында қала тұрғыны сора өсімдігін еккендігін анықтады.

Оқиға орнын тексеру барысында күдіктінің өз үйінің ауласына 21 түп жасыл түсті өзіне тән ерекше иісі бар өсімдіктерді егіп-өсіргені анықталды.

Тағайындалған сот-сараптамасының қорытындысына сәйкес, анықталған шөп – 21 түп сора өсімдігіне жататындығы белгілі болды.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігімен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Серіктес жаңалықтары