03.06.2021, 08:49
Оқиғалар
Павлодарда 16 жастағы қыз жоғалып кетті
Ол үйінен 27 мамыр күні шығып кетіп, қайта оралмаған
Павлодарда 16 жастағы қыз жоғалып кетті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы «Павлодар қаласының іздеушілері VITA» қоғамдық бірлестігі хабарлады.
«27 мамырда кешкі сағат 6-да Даяна Шапиева Нұрмағамбетов көшесінде орналасқан үйден белгісіз бағытқа шығып кеткен. Оның қайда екені әлі белгісіз. Бізге жоғалған жасөспірім туралы 2 маусымда хабарлады, - деді еріктілер.
Даянаның белгілері: бойы - 156 см, көздері қоңыр, шашы қара. Оң қолында татуировкасы бар. Қызыл жеңіл күртеше, көк трико және ақ кроссовка киген. Өзімен бірге қара рюкзагы болған.
Қыз туралы қандай да ақпарат болса 102 немесе + 7 (747) 615 55 63 (Катерина), 7 (777) 334 82 01 (Светлана) нөмірлері бойынша хабарлауды сұрайды.
Көп оқылған
15.08.2026, 13:50
Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласының әрекеті мен 20 млн теңгеге қатысты дау туралы айтты
15.08.2026, 07:22
15 тамызда ауа райы қандай болады
15.08.2026, 17:10
Маңғыстауда жалған неке арқылы 50 млн теңге жымқырған подполковник 6 жылға сотталды
15.08.2026, 06:17
Атырауда 8 магнит жұтып қойған тоғыз жасар қызға шұғыл ота жасалды
15.08.2026, 12:04
Қазақ вальсінің королі: бүгін Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 96 жыл толды