$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.05.2021, 17:22
Оқиғалар

Қазгидрометтен ескерту болмаған: ТЖМ өкілі Шарын шатқалында болған қайғылы оқиғаға қатысты жауап берді

Шарын шатқалы және оның сай-саласы сел жүру қаупі бар аймаққа жатпайды

Қазгидрометтен ескерту болмаған: ТЖМ өкілі Шарын шатқалында болған қайғылы оқиғаға қатысты жауап берді
көрнекі фото

Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов Шарын шатқалында болған қайғылы жағдайға қатысты БАҚ өкілдерінің бірқатар сұрағына жауап берді.

Бірінші сұұрақ: Шарын шатқалында сел жүретіндігі жайлы неге алдын ала ескерту жасалмады?

«Шарын шатқалы және оның сай-саласы сел жүру қаупі бар аймаққа жатпайтынын түсінуге тиіспіз. Сол себепті бұл ауданда ТЖМ-ға қарасты «Қазселденқорғау» мекемесінің бөлімшесі жоқ. Қазгидрометтен облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сел жүретіндігі туралы дауылды ескерту болған жоқ», - деді комитет төрағасы ОКҚ-да өткен брифингте.

Комитет басшысының айтуынша, шатқалда сел емес, нөсер жауын салдарынан су мен балшық ағыны болған.

Екінші сұрақ: Шарын шатқалы аумағындағы ұялы байланыс неге нашар?

«Бізде таулы жерлерде байланыс бола бермейді. Мұны біз түсінуге тиіспіз. Туристердің міндетті сақтандыру туралы заңға сәйкес, туристік оператор жұмыс жасауы керек», - деді комитет басшысы.

Еске салайық, 29 мамырда Шарын шатқалында жүріп өткен сел салдарынан қайғылы оқиғадан экскурсияға барған бір оқушы мен мұғалім көз жұмды. Сондай-ақ сел ағызып әкеткен 11 жастағы оқушы 3-4 шақырым жерден табылды.

Серіктес жаңалықтары