$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.05.2021, 17:03
Оқиғалар

Алматыда екі мың адамға арналған фестивальді ұйымдастырушы жауапқа тартылды

Клуб иесі түсініктеме жазудан және мекеме туралы ақпарат беруден бас тартқан

Алматыда екі мың адамға арналған фестивальді ұйымдастырушы жауапқа тартылды
көрнекі фото: 2016 жылы өткен Shake Fest, cooks.kz

29 мамырда сағат 20:30 шамасында Медеу ауданы Нұрмағамбетов көшесінде мониторинг тобы Offtop club мекемесінің аумағында жаппай фестиваль өткізу фактісін анықтады. 2000-ға жуық адам әлеуметтік қашықтықты сақтамай, алаңда маскасыз болған.

Shake fest фестивалі алаңында Ashyq қосымшасында тіркеусіз кіру жүзеге асырылған. Мониторинг тобының өкілдері мекеме иесімен және фестиваль ұйымдастырушыларымен карантиндік шектеулерді сақтау туралы профилактикалық әңгіме өткізді. Алайда, клуб иесі түсініктеме жазудан және мекеме туралы ақпарат беруден бас тартты.

Қазір істі аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына беру үшін қажетті материалдар дайындалған.

Сенбі күні белгіленген 15 карантиндік шектеудің барлығы бұзылғаны анықталды. Тәртіп бұзғандар арасында Бостандық ауданындағы 100-ге жуық адам болған «Бочонок» бары да бар.

30-31 мамыр аралығында Алматыда карантин талаптарын бұзған 5 жағдай анықталды. Мысалы, Алмалы ауданындағы Astral Cyber Zone компьютерлік клубында 40-қа жуық геймер болған жағдай анықталды. Медеу ауданындағы Bugz компьютерлік клубы да бар.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы #карантин