Солтүстік Қазақстанда 28 жастағы жігіт суға кетті

Қайғылы оқиға Урожайное ауылының маңында болған

Солтүстік Қазақстанда 28 жастағы жігіт суға кетті
Фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстанда Есіл өзеніне шомылған қостанайлық 28 жастағы жігіт суға кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы оқиға өткен демалыс күні Ғабит Мүсірепов ауданына қарасты Урожайное ауылы маңында болған. Марқұм отбасымен достарына қонаққа келіп, рұқсат етілмеген жерде суға түскен. Салдарынан қатты иірімге тап болған. Қазір оның ішімдік ішкен-ішпенін анықтау үшін арнайы сараптама тағайындалды. Жалпы өңірде күн жылығалы 58 шомылу орны жасақталды.

«Ол есіл өзені маңына жанұясымен демалуға келген. Бірақ сол жердегі жағаның төмен болуына байланысты ол жағадан секіріп суға түскен кезде суға батып кетті. Жыл басынан төрт адам суға кетті. Оның ішінде тек бір адам суға түсу кезінде батқан. Қалғандары оқыс оқиға кезінде», - дейді облыстық ТЖД басқармасының аға офицері Қуат Махметов.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.