ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 930 адам COVID-19 вирусын жұқтырды

Еліміз бойынша интернеттегі алаяқтық саны 2,5 есеге көбейіп кеткен

Биылғы сәуір айынан бастап электрондық тәсілмен шағын несие беру талаптары күшейтілді

Елімізде есірткі қылмысына қарсы күрес барысында мұндай қылмыстар саны 11%-ға өскені байқалған. ҚР Бас прокуратурасының қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте есірткі бизнесі бұрынғыдай емес екенін, яғни тұтынушымен тікелей байланыссыз жүзеге асырылатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бүгінгі таңда есірткі саудасы онлайн форматқа ауысып кеткен.

«Өткен жылы есірткі құралдарын насихаттау немесе жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілген болатын. Енді полиция тек қабырғалардағы граффитиді бояумен және интернет-сайттарды бұғаттаумен шектелмейді. Бұл үшін заңсыз әрекеттерді жарнамалайтын адамдар белсенді түрде жауапқа тартыла бастады.

Сонымен қатар интернеттегі алаяқтық саны 2,5 есе артып кетті. Бұл барлық алаяқтық істердің жалпы санының 53%-ын құрайды. Өткен жылы бұл көрсеткіш 33% болған еді. Бұған екі себеп ықпал еткен: біріншіден, коммуникациялар мен қызметтердің көбі электрондық форматқа көшті, екіншіден, азаматтарымыздың сенгіштігі де басты себеп болып отыр», - деп атап өтті спикер.

Интернетте телефонда «бір түймені» басып онлайн несие берілетіні туралы жарнама өте көп. Алаяқтар соны жиі пайдаланады екен. 

«Біз бұл мәселелерді Бас прокурордың төрағалығымен Құқық қорғау органдарының үйлестіру кеңесінде қарастырдық. Банктер мен реттеушілерді шақырып, оларға қылмыстың өсуіне байланысты жағдайды жеткіздік және клиенттердің қауіпсіздік тетіктерін күшейтуді ұсындық. Бұл ұсыныстар бүгінде жүзеге асырылып жатыр. Биылғы сәуір айынан бастап электрондық тәсілмен шағын несиелер беру талаптары күшейтілді», - деді қадағалау ведомствосының өкілі.