Алматыда ірі есірткі сатушысы ұсталды
Күдіктіден 22 орам психотроптық зат табылып, тәркіленді
Алматыда ірі есірткі сатушысы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Қостанай облысының 30 жастағы тумасы бірнеше ай бойы психотроптық және есірткі заттарды тарату бойынша есірткі курьері болып жұмыс істеген.
«Осы уақыт аралығында ол курьерден көтерме сатушысына дейін «қылмыстық баспалдақпен» көтерілген. Ер адам жүк тасымалдау кезінде ұсталды. Патрульдік қызметкерлер тұтқындау кезінде ұсталушыдан 22 орам психотроптық зат тапты және тәркіледі. Күдіктіден, сонымен қатар, осыған ұқсас 13 орам жасырынған жерді көрсетті. Оның бәрі тәркіленді», - деді Әуезов аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ұлан Әбілхайыр.
Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат «мефедрон» психотроптық заты болып шыққан.
Қазіргі уақытта аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлімінің 3-тармағына сәйкес тіркелді.
«Осы қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза қарастырылған. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді Ұлан Әбілхайыр.