Ақмолада жол апатынан жүргізуші оқиға орнында қаза тапты
Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді
Ақмолада жол көлік апатынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылғы 23 мамырда сағат 23:58-де Целиноград АПБ кезекші бөліміне ПД патрульдік полиция ротасы қызметкерлерінен “Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті” автожолының 32 шақырымында NissanTeana маркалы автокөлігінің 47 жастағы жүргізушісі Нұр-Сұлтан қаласы бағытында қозғалып, рульді басқара алмай, жүріс бөлігіне орнатылған қисық сызықты брусқа соқтығысқаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, 32 жастағы жолаушы Нұр-Сұлтан қаласының қалалық ауруханасына “бастың жұмсақ тінінің соғылуы” диагнозымен жеткізілді, тексеруден кейін үйіне жіберілді.
Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 445-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша қылмыстық істі бастады.