Балқашта браконьерлерден 6 тонна балық пен 200 км ау тәркіленді

Ауға түскен балықта қайта суға жіберілді

Балқашта браконьерлерден 6 тонна балық пен 200 км ау тәркіленді
көрнекі фото

Балқаш көлінің аумағында балықты заңсыз аулайтын браконьерлерге қарсы арнайы операцияның алғашқы аптасында полиция қызметкерлерімен алты тоннадан астам балық өнімдерімен 200 шақырымды құрайтын балық аулау ауы тәркіленді.

 «200 шақырымнан астам балық аулауға тиым салынған ау, төрт маторлы қайық және алты тоннадан астам балық өнімдерін тәркіленді. Браконьерлік фактілердің бәрі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды», – деді ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары, өңірде өткізіліп жатқан арнайы операцияның жетекшісі Ерлан Омарбеков.

Мәселен, 34 жастағы Қапшағай қаласының (Алматы облысы) тұрғынынан заңсыз ауланған 530 келі көксерке, табан, шабақ және мөңке балықтары тәркіленді. Сондай-ақ оның балық аулауға тыйым салынған қытай ауын сатумен айналысқаны белгілі болды. Одан жалпы ұзындығы 198 шақырым 700 метр шығатын 1987 дана қытай ауы тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Балқаш көлінің Приозерск қаласы аумағынан белгісіз біреулер құрған жалпы ұзындығы екі шақырым болатын қытай ауы тәркіленді. Тәртіп сақшылары 43 келі балықты қайта суға жіберіп, ау өртелді.

22 мамыр сағат 18:00 шамасында полиция қызметкерлері ЖШС бірінен шығып келе жатқан 50 жастағы Жамбыл облысы тұрғынының басқаруындағы жүк көлігін тоқтаты. Көлікті тексеру барысында одан алты тонна әртүрлі балық түрлері тәркіленді. Жүргізушіде аталған балық өнімдерін тасымалдауға құжаты болмаған. Жүргізуші оны балық зауытынан тиеп алғанын айтқан. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

23 мамыр күні Балқаш қаласының Балқаш көлі Бертіс шығанағынан (Қарағанды облысы) жағалаудан 5-6 шақырым жерде белгісіз біреулер құрған ұзындығы 1 шақырым 300 метр 13 ау анықталды. Құрылған аудан 15 келі балық қайта суға жіберіліп, ау өртенді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.