25.05.2021, 11:18
Оқиғалар
Павлодар тас жолында мас велосипедшіні көлік қағып кетті
Ер адам жарақаттармен ауруханаға жеткізілді
Фото: ашық дереккөзден
Павлодар тас жолында мас велосипедшіні көлік қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 мамыр күні сағат 09:00-де Ленин – Курчатов автожолында, шеңбер маңында «Subaru Legasy» автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен велосипедшіні қағып кеткен.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан мас күйінде болған 1980 жылы туған велосипедші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.
Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Тексеру жүргізіледі.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты