$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.05.2021, 17:08
Оқиғалар

Көміп қойған: 4 қапшық гауһар тас ұрлаған шетелдік азамат ұсталды

Футболдан әлем чемпионатын тамашалауға келген мейман екі арада ұрлық істеп үлгерген 

 

Татарстан полицейлер 2018 жылы колумбиялық азамат ұрлап кеткен төрт қапшық гауһар тастың жасырылған жерін анықтап, тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

РФ Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Ирина Волктың мәліметінше, ресейлік зергерлік компаниялардың біріне тиесілі болған асыл тастар Қазан қаласындағы көрмеге қойылғаннан кейін әуежайға тиеліп жатқан сәтте жоғалып кеткен.  

Ресейлік басылымдардың жазуынша, 2018 жылы шілде айында Қазан жәрмеңкесі аумағында асыл тастар топтамасын тиеу барысында сертификатталған гауһар тастар салынған шабадан жоғалып кеткен. Оның ішінде жалпы сомасы 160 миллион рубльді құрайтын құнды тастар мен әшекей бұйымдар болған.

Тауардың жоғалғаны тек әуежайға жеткен кезде белгілі болған.

«Ұрлыққа қатысы болуы мүмкін азаматтың жеке тұлғасы анықталды, ол футболдан әлем чемпионатын тамашалауға келген колумбиялық азамат Валеро Валеро Эдгар Алехандро болып шықты. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол жүкті орау жұмыстарына қатысқан екен. Оған қатысты сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды», - дейді РФ ІІМ өкілі.  

Айыпталушы 2019 жылдың қыркүйек айында Аргентина аумағында қолға түскен. Ал 2021 жылдың наурыз айында ол Ресейге экстрадицияланып, сәуір айында Мәскеуден Татарстанға жеткізіледі.    

«Колумбиялық азамат ұрлық жасағанын мойындап, зергерлік бұйымдарды Қазан қаласы аудандарының біріндегі тоғайға көміп кеткенін айтты. Алайда ол тастарды дәл қай жерге көмгенін нақты айта алмағандықтан, полиция қызметкерлері аса үлкен аумақты тінтіп шығуға мәжбүр болды. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде, асыл тастар салынған қапшықтар табылып, тәркіленді. Жақын уақытта тәркіленген әшекей бұйымдар заңды иесіне қайтарылады», - деді Ирина Волк.   

 
Серіктес жаңалықтары