21.05.2021, 15:44
Оқиғалар
Қазақстандық боксшы салмағы 146 келі тартатын қарсыласын нокаутпен жеңді
6 раундық кездесу 2,5 минутта аяқталды
скриншот: видео
Қазақстандық боксшы Данила Семенов (2-0, 1 КО) Ресейде өткен кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаңға шықғып, салмағы 146 килограмм тартатын тәжірибелі боксшысы 1-раундта сұлатты.
Негізі, супер ауыр салмақтағы жекпе-жек алты раундқа есептелген, бірақ қазақстандық қарсыласын екі жарым минутта сұлатып, нокаутпен жеңді.
Осборн Мачимана - Оңтүстік Африка Республикасының боксшысы (23-13-2, 17 КО). Ауыр салмақтағы боксшы осымен 14-ші жеңілісіне ұшырады.
Осылайша, Данила Семенов кәсіби бокстағы үшінші жекпе-жегінде жеңіске жетті. Оның екеуі нокаутпен аяқталды. 21 жастағы қазақстандық спортшы кәсіби боксқа өткен жылдың қазанынан бастап бет бұрды.
Көп оқылған
23.11.2026, 11:01
«Балам үш рет түрмеге түскен, оның 25 млн теңге қарызы бар»: Алматыдағы «таксист» әже алғаш рет сұхбат берді
23.11.2026, 13:08
«Көз жасымды ұстай алмадым»: анасын іздеген белгиялық Жәнібек туған шешесінің хатын алған
23.11.2026, 23:47
Ақтөбелік әйел қытайлық күйеу жігітін алдап 30 миллион теңге мен алтын алған: полиция істі тоқтатты
23.11.2026, 15:20
Қызылодада мас ер адам қыздарды қорғаған жас жігітті пышақтап тастады
23.11.2026, 18:45
Домбыраны өз бетінше үйренген чилилік Мария Аргентина Муниос
