$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.05.2021, 16:11
Оқиғалар

Көкшетауда қару мен жарылғыш құрылғы жасайтын қылмыстық топ мүшелері ұсталды - ҰҚК

Цехтан 7 жауынгерлік тапанша, 96 жарылғыш құрылғы, 80 патрон тәркіленді

Көкшетауда қару мен жарылғыш құрылғы жасайтын қылмыстық топ мүшелері ұсталды - ҰҚК
фото: ҰҚК баспасөз қызметі

15 сәуірде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті Көкшетау қаласында атыс қаруы мен қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды заңсыз жасауға және оларды өткізуге қатысы бар қылмыстық топты жойды.

Топтың үш қатысушысы қару мен ҚЖҚ-ның кезекті партиясын сату кезінде ұсталды. Жасырын цех ұсталғандардың бірінің жеке үйінде орналасқан.

«Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде заңсыз айналымнан 7 жауынгерлік пистолет, 96 қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, 80 патрон, сондай-ақ қару-жарақты модификациялау мен жасауға арналған құралдар алынды. Тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде», - делінген ҰҚК хабарламасында.

Еске сала кетейік, мамыр айының басында Қазан қаласында болған қайғылы оқиға қаскүнемдердің қолындағы атыс қаруы ауыр зардабы ауыр жағдайға әкеп соғуы мүмкін екенін көрсетті. Сондықтан, қарудың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл - ҚР арнаулы және құқық қорғау органдарының басым міндеттерінің бірі.

Серіктес жаңалықтары