ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

Қызылордада төбелес кезінде жасөспірім пышақ жарақатын алды

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр 

Фото: ашық дереккөзден

Қызылордада төбелестен жасөспірім пышақ жарақатын алды, деп хабарлайды Polisia.kz.

13 мамыр күні көпқабатты үйлердің бірінің ауласында жасөспірімдер арасында жанжал туындап, топтық төбелеске ұласқан. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері төбелесті тоқтатып, оқиға орнынан қалалық ПБ-на 14 жасөспірімді жеткізді. Төбелес салдарынан бір жасөспірім пышақ жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Жасөспірімнің өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. 

Күдікті ретінде кәмелетке толмаған жасөспірім анықталып, бас шарасы күзетпен ұстау жөніндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қалған жасөспірімдердің іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. 

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен (Бұзақылық, суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып жасалған іс-әрекеттер) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 

Топтық төбелеске қатысқан жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК 127-бабы 3-бөлігіне (Ата-ананың немесе заңды өкілдерінің балаларын тәрбиелеуде міндеттерін орындамауы кәмелетке толмаған адамның қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген іс-әрекеті) сәйкес әкімшілік шара көру мәселесі қарастырылуда.