ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 967 адамнан COVID-19 вирусы анықталды

Павлодарда екі көлік соқтығысып, үш бала зардап шекті

Балалар бас миының шайқалуы және бас-сүйек мидың жабық жарақатымен ауруханаға жатқызылды

Фото: ашық дереккөзден

Павлодарда екі көлік соқтығысып, үш бала зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. 

Жол апатынан жалпы 5 адам зардап шеккен. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы  баспасөз қызметінің   мәліметінше, 16 мамырда сағат 11.48-де «103» пультіне оқиға куәгері қоңырау шалған. Қамзин және Ломов көшелерінің қиылысында екі көлік соқтығысқан. Жедел жәрдем тобы жол апаты болған жерге сегіз минуттан кейін жетті.

«Жарақат алғандардың арасында үш бала бар, олардың екеуі 2009 жылы және біреуі 2010 жылы туған. Оларды бас миының шайқалуы  және бас-сүйек мидың жабық жарақатымен облыстық балалар ауруханасына жеткізді», - делінген хабарламада.

Беті мен иығы жарақаттанған 1984 жылы туған әйел № 1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Тағы бір 37 жастағы ер адам мойны мен кеудесін жарақаттаған, алайда ол ауруханаға жатудан бас тартты.