Шекара бұзушы контрабандалық жолмен декларацияланбаған валюта, бес рубин және бір сапфир тасын алып өтпек болған
ҚР Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті жаңа үлгідегі техникалық құралдардың көмегімен мемлекеттік шекара бұзушыны ұстады.
Аталған шекараны бұзушы бекітілген өткізу орынынан тысқары жерден айланып өтіп Қырғызстаннан Қазақстанға қарай контрабандалық жолмен декларацияланбаған валюта, бес рубин және бір сапфир тасын алып өткізбекші болған.
Құқық бұзушыға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабы (Қазақстанның мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша қылмыстық іс қозғалды.