ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

​Түркістан облысында екі ер адам жайылымнан қойларды ұрлап, сатып жіберген

Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, іс сотқа жолданды

Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысының полицейлері жайылымнан қой ұрлағандарды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.   

Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданады. Ер адамның айтуынша, оның үш бас уақ малын жайылымнан белгісіз біреулер үптеп кеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша тіркеуге алынды.   

Қылмысты ашып, мал ұрыларын ұстау үшін тез арада жедел-тергеу тобы құрылды. Тәжірибелі тәртіп сақшылары оқиға орнына жетіп, жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Жақын аймақтарды аралап, көрген-білгендерден сұрастырды. Нәтижесінде күдіктінің бірі ұсталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Ал екінші күдіктіге іздеу жарияланып, ол полицейлермен бір ай ішінде анықталып, ұсталды.   

Тергеу барысында анықталғандай, мал бағумен айналысатын екі күдікті алдын ала сөз байласып, жәбірленушінің жайылымда жайылып жүрген қойларын жымқырған. Оны көрші ауылдың тұрғынына арзан бағада сатып, түскен ақшаны бас пайдаларына жаратып жіберген. Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, іс сотқа жолданды. Күдіктілердің бас шарасы қолхатта.