$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.05.2021, 10:10
Оқиғалар

БҚО-да жол апатынан полиция қызметкері қаза тапты

Марқұмның артында отбасы, кішкентай қызы қалды

БҚО-да жол апатынан полиция қызметкері қаза тапты
фото: марқұм Мержан Бисенғалиев

БҚО-да жол апатынан оралдық полицей Мержан Бисенғалиев көз жұмды. Қаралы хабарды Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков жеткізді.

«2021 жылдың 16 мамырында, яғни демалыс күні «Орал-Тасқала» тас жолында қайғылы оқиға болды. Әріптесіміз, Орал қалалық полиция басқармасының қызметкері - полиция майоры Мержан Қуанышұлы Бисенгалиев өзінің «Шевроле-Кобальт» маркалы жеке көлігімен Тасқа ауданының Айнабұлақ ауылына жақын жерде кюветке аударылып кеткен. Көлікте жалғыз болған екен, өкінішке қарай алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», - деді Болатбек Белгібеков.

Аталған жайт Тасқала аудандық полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

​Марқұмның артында отбасы, кішкентай қызы қалды. Мержан ішкі істер органдарына 2002 жылы жұмысқа орналасқан.

Серіктес жаңалықтары