ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

Павлодарда ер адам өзгенің Lexus автокөлігін ұрлап кеткен

Көлік иесіне келтірілген шығын көлемі 6 млн теңгені құрады

Фото: ашық дереккөзден

Павлодарда автоұры ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«2021 жылдың 11 мамырында полицияға ер адам Павлодар қаласындағы М. Жүсіп көшесіндегі үйдің ауласынан белгісіз адам оның “Lexus RX350″автокөлігін айдап кеткенін айтып, арызданған. Ер адам кешке аулаға өз жұмыстарымен бару үшін шығып, орнында тұрған көлікті таппағанын айтты. Иесіне келтірілген шығын 6 млн. теңгені құрады», – деді Павлодар облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жедел уәкілдер қаскүнемді ұстады, ұрланған көлікті тапты.

Ұсталған адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.