Полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен жүргізуші қамауға алынды
Қызылорда тұрғыны 2016 осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталған болып шықты
12 мамыр сағат 13:00 шамасында полиция қызметкерлері Қызылорда қаласының орталық көшелерінің бірінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабының 1-бөлігі бойынша құқық бұзған «Ауди А6» маркалы автокөлік жүргізушісін тоқтатқан.
Құжат тексеру барысында автокөлік жүргізушісінің сақтандыру куәлігі жоқ болып, ӘҚБтК-нің 230-бабының 2-бөлігінде (Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу) көзделген құқықбұзушылық жасағаны анықталып, осыған байланысты автокөлікті айып тұрағына алып бару туралы шешім қабылданған.
Жүргізушісі қабылданған шешіммен жүргізуші келіспей, полиция қызметкерлеріне қатысты балағат сөздер айтып, өзіне қатысты жасалған ескертулерге мән бермеген. Бұдан бөлек, тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетіп, оларға қатысты күш қолданып, заңға қайшы іс-әрекеттер жасаған. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 380-бабының 1-бөлігімен (билік өкіліне қатысты күш қолдану) сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары басталды.
Қылмыстық істі тергеп-тексеру барысында жүргізуші 2016 жылы осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болып, оған бір жылға бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза тағайындалғандығы белгілі болды. Күдікті Қызылорда қалалық ПБ-ның уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.
Полиция қызметкерлерінің іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.