$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.05.2021, 21:26
Оқиғалар

Көкшетауда көршісін ұрып өлтірген ер адам ұсталды

Көршісін өлімші етіп соққыға жыққан соң күдікті ұйқыға жатып қалған

Көкшетауда көршісін ұрып өлтірген ер адам ұсталды

Көкшетауда көршісін ұрып өлтірген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 11 мамырында сағат 07:07-де Көкшетау қалалық Полиция басқармасының «102» пультіне 37 жастағы жергілікті тұрғыннан өз пәтерінің жатын бөлмесінде көршісінің өлі денесін тапқаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Өтініш беруші ер адам оған шай ішуге келуге сұранған, сол кезде көршісінде дене жарақаттары болған. Таңертең оянғанда ер адамның қайтыс болғанын анықтап, бірден полицияға хабарлаған.

«Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары 53 жастағы ер адам шамамен түнгі сағат 01:00-де көптеген жарақаттан қайтыс болғанын анықтады. Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, зардап шегушінің өлімі «бауырдың жыртылуы, травматикалық шок пен ішкі ағзалардың зақымдалуы, бастың, кеуденің, іштің жарақаты» салдарынан болған», - делінген ПД хабарламасында.

Алайда полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оқиғаның керісінше болғанын дәлелдей алды. Ер адам істеген қылмысына қатысты өз кінәсін толық мойындады. Ол ішімдік ішіп отырғанда кенеттен жанжал туындап, көршісін өлімші етіп ұрып-соғып, артынша ұйықтап қалғанын айтты. Ал таңертең оянғанда көршісінің қайтыс болып кеткенін түсінген.

Ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі іс басталды. Ол қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.

Серіктес жаңалықтары