$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.05.2021, 16:15
Оқиғалар

Грузияда көз жұмған Әсел Айтбаеваның денесі елге жеткізілді

Марқұмды бүгін елорда іргесіндегі Қабанбай батыр ауылына жерлейді

Грузияда көз жұмған Әсел Айтбаеваның денесі елге жеткізілді

Грузияда жұмбақ жағдайда қайтыс болған Қазақстан азаматы Әсел Айтбаеваның денесі сәрсенбі күні ұшақпен Нұр-Сұлтан әуежайына жеткізілді.

24.kz тілшісінің хабарлауынша, мәйіт қыздың туыстарына әуежайда тапсырылды. Жерлеу рәсімі 12 мамырда Нұр-Сұлтан маңындағы Қабанбай батыр ауылында (марқұмның туған ауылы) өтеді.

Грузия прокуратурасындағылар «Жас қыз өз-өзіне қол салған болуы мүмкін» деген болжамын айтты. Алайда Әсел Айтбаеваның анасы бұған сенбейді. Айсұлу Айтбаеваның айтуынша, қызын өлтірген өзінің күйеу баласы болуы мүмкін. Өйткені әлгі адам оқиға болған түні ізім-ғайым жоқ болып кеткен. Байланысқа мүлдем шықпапты. Марқұмның туыстары оны Қазақстанға қашып кеткен болуы мүмкін деп отыр.

Грузия прокуратурасы қылмыстық іс қозғаған. Олар марқұм өз-өзіне қол салуы мүмкін дейді. Дегенмен, тергеу әлі жалғасып жатыр. Төрт бірдей адам күдікке іліккен көрінеді. Солардың арасында әлгі күйеубаласы да бар.

Еске салайық, 26 жастағы Әсел Айтбаеваның мерт болғаны туралы ақпарат 5 мамыр күні шыққан. Марқұм 9 қабаттан құлап қаза тапқан. Оқиғаның қалай болғанын Грузия полициясы анықтап жатыр. Ал марқұмды бүгін елорда іргесіндегі Қабанбай батыр ауылына жерлейді.

Серіктес жаңалықтары