ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

Риддер маңындағы өрт аумағы 300 гектардан асты

Тоқаев жағдайды бақылауында ұстап отырғанын айтты

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласының маңында орман өртеніп, өрт Лесхоз кентiндегi тұрғын үйлерге жетті. Салдарынан 35 үй мен 9 шаруашылық құрылыс бүлінген.

Өрт ошағында орман шаруашылығы жеке құрамының 200-ден астам адамы мен ТЖД өрт сөндірушілері және 20-дан астам техника жұмыс істеп жатыр. 
Өрт шыққан орман алаңы 310 гектарға жетті. Өртті сөндіруге көмекке МИ-8 және МИ-2 авиа орман күзетінің 2 тікұшағы келді, 12 500 текше метр су төкті.

Алдын ала болжам бойынша,
өрттің шығуына отты абайсыз қолдану себеп болған.

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысы бұл жағдайды бақылауында ұстап отырғанын жеткізді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет пен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі өрттен зардап шеккен Лесхоз кентінің тұрғындарына көмек көрсетіп, баспанамен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл мәселені Президент өз бақылауында ұстап отыр», - деп хабарлады.