$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.05.2021, 17:48
Оқиғалар

Ақтауда әйелі мен балаларының көзінше асылып өлмек болған ер адам құтқарылды

Ақтаулық тұрғын полиция қызметкерлерінің жедел әрекет етуінің арқасында аман қалды

Ақтауда полиция қызметкерлері әйелі мен балаларының көзінше асылып өлмек болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 7 мамыр күні қаладағы 3-шағынаудандағы үйлердің бірінде болған.

«Ақтау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне 3-шағынауданда тұратын әйел адам хабарласып, көмекке шақырды. Шағымданушының айтуынша, оның күйеуі өзіне-өзі қол жұмсауға әрекеттеніп жатқан. Хабарлама түскен бетте оқиға орнына жақын маңда жүрген патрульдік полиция батальонының экипажы жіберілді. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері Е. Орынбасар мен А. Тәуекел бірден екінші қабатқа көтеріледі. Алайда іштен бекітулі тұрған есіктің ар жағынан әйел адам мен балалардың шыңғырған дауысы естіліп тұрған. Полиция қызметкерлері пәтерге кірген уақытта белдікке асылып тұрған ер адамды көреді. Жедел қимылдап, полицейлер өзіне өзі қол жұмсамақ болған тұрғынды құтқарып қалды», - деп жазады Тumba.kz

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ер адам Полиция басқармасына жеткізілді.

Оның бұл қадамға неліктен барғаны туралы ақпарат жария етілген жоқ.  

Серіктес жаңалықтары