$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.05.2021, 17:04
Оқиғалар

Атырауда жезөкшелікпен айналысып жүрген өзге облыстың тұрғындары ұсталды

Оларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, саусақ іздері алынды

Атырауда жезөкшелікпен айналысып жүрген өзге облыстың тұрғындары ұсталды

Атырауда полицейлер жезөкшелікпен айналысып жүрген өзге облыстың тұрғындарын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 мамыр күні Атырау қаласы ПБ-ның учаскелік полиция инспекторлары өз аумақтарында тексеріс жүргізу барысында Сәтпаев көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінен тәуліктік пәтерді жалға ала отырып, интимдік массаж қызметін көрсеткен Алматы, Тараз қалаларынан келген 22, 28, 30, 34 жастағы төрт әйел азаматша анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 1-бөлігімен (Сексуалдық сипатта қызметтер көрсету не өзге де қызметтер көрсету), ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабының 2-бөлігімен (Қазақстан Республикасы азаматтарының бір айдан астам мерзімде жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тiркеусіз тұруы) әкімшілік хаттамалар толтырылып, саусақ іздері алынды. 

Ал 4 мамыр күні учаскелік полиция инспекторлары Сәтпаев көшесінің бойында орналасқан көп қабатты үйлердің бірінен тәуліктік жалға беретін және ұзақ мерзімге жалға беретін екі пәтерден интимдік қызмет көрсеткен Түркістан, Шымкент, Қызылорда қалаларынан келген 22, 26, 28, 30 жастағы төрт азаматша анықталды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 1-бөлігімен (Сексуалдық сипатта қызметтер көрсету не өзге де қызметтер көрсету), ҚР ӘҚБтК-нің 492- бабының 2-бөлігімен (Қазақстан Республикасы азаматтарының бір айдан астам мерзімде жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тiркеусіз тұруы) әкімшілік хаттамалар толтырылып, саусақ іздері алынды.

«Жалдамалы пәтерлердің заңдылығын тексеру мақсатында, жинақталған іс-құжаттар Атырау облыстық мемлекеттік кірістер басқармасына жолданатын болады», – деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев. 

Серіктес жаңалықтары