ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 2549 адамнан коронавирус анықталды

Қарағандыда ер адам өзгенің атына 12 онлайн-несиені заңсыз рәсімдеген

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды

Фото: ашық дереккөзден

Қарағандыда ер адам өзгенің құжатын пайдаланып, он екі онлайн-несие рәсімдеген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қалалық Полиция басқармасының Октябрь полиция бөліміне 61 жастағы қала тұрғыны мен оның 20 жастағы ұлынан арыз түскен. Полиция қызметкерлерімен белгісіз біреудің жәбірленушілердің атына былтырғы жылдың шілде-қыркүйек айлары арылығында әрқайсысының атынан 20 мың теңгеден несие рәсімдегені анықталды.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен жәбірленушілердің туысы, 27 жастағы күдікті ұсталды.

Полиция қызметкерлерімен оның осыдан басқа он екі ұқсас қылмыс жасағаны анықталды.

Күдікті сәті түскенде жәбірленушілердің құжаттарын суретке түсіріп алып, сол арқылы шағын несие беру мекемелеріне сурет жіберіп, 20 мыңнан 30 мыңға дейін несие рәсімдеп отырған. Жалпы шығын көлемі 250 мың теңгені құраған.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 187-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.