$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.12.2019, 19:51
Оқиғалар

Ақмолада ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшілері сотталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Көкшетаудағы ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшілерінің жолын кесті

Ақмолада ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшілері сотталды
Фото: sputniknews.kz

2019 жылы ҰҚК-ның Ақмола облысы бойынша департаменті, облыстық полиция департаменті және экономикалық тергеулер департаментінің ведомствоаралық тергеу-жедел тобы «Тумгоевтар» атты ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшілерінің жолын кесті.

«Көкшетау қалалық сотының ағымдағы жылғы 27 маусымдағы үкімімен ҰҚТ жетекшісі Р. Тумгоев ҚР ҚК 245-бабы 3-б. «Салық төлеуден жалтару» және 262-бабы 1-б. «ҰҚТ құру және оған жетекшілік ету» бойынша көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеумен 7.5 жылға бас бостандығынан айырылды», - делінген ҰҚК баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ 2019 жылғы 25 қарашада көрсетілген соттың шешімімен 190-баптың 4-б., 2-т. «Ірі мөлшерде жасалған алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу материалдары негізінде «Тумгоевтар» ҰҚТ-ның тағы бір жетекшісі Ю. Куртоев кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге кәсіпкерлік субъектілерінде басшы және материалдық-жауапты лауазымдарда болу құқығынан айырумен қатаң режимдегі колонияға 9 жылға сотталды.

Серіктес жаңалықтары