Анасымен ренжіскен: Сайрамда көпірден секірмек болған мектеп оқушысы құтқарылды
Жасөспірім 14 жаста, 8-сыныпта оқиды
Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері - полиция майоры Нұрбол Қуанышбеков, полиция капитаны Нұржан Бегмаганбетов және полиция капитаны Бөлеген Тулегенов таңғы саптық жиыннан шығып, қызметтік автокөлікпен кетіп бара жатқанда, оларды бейтаныс әйел қол бұлғап тоқтатқан.
Тәртәп сақшылары мән-жайды сұрағанда , бейтаныс әйел жыларман күйде кәмелет жасына толмаған қызының темір жол вокзалы маңындағы жерүсті көпірінен секіргелі жатқанын, қызын құтқаруға жәрдем етуін сұрайды.
Полиция қызметкерлері әйелді көлігіне отырғызып, қыздың тұрған жерін анықтаған. Жасөспірім қыз Ақсукент ауылы Төлеби көшесі бойында орналасқан Манкент станциясы жанындағы көпірден секірмек болған жерінен табылвды. Осы сәтте полиция капитаны Бөлеген Тулегенов көпірге жасырын мініп, ту сыртынан келіп, секіргелі тұрған 14 жастағы қызды мықтап ұстап алады. Тексеру барысында өз-өзіне қол жұмсамақ болған қыз 8-сыныпта оқитын мектеп оқушысы болып шықты. Анасымен ренжіскен жасөспірім отбасылық кикілжіңнен кейін суицид жасауға бел буған.