ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 1700-ден астам адамнан вирус анықталды

Сарымсақты жотасында қар барысы алғаш рет фототұзаққа ілінді

Қар барысы (Schreber, 1775) — ҚР Қызыл кітабына енген

көрнекі сурет

Катонқарағай ұлттық паркінің Сарымсақты жотасында қар барысы алғаш рет фотоға түсіп қалды.

Panthera uncia қар барысы (Schreber, 1775) — ҚР Қызыл кітабына және Халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) қызыл тізіміне енгізілген сүтқоректілердің сирек кездесетін түрі. 

Былтыр жануарларлар әлемін қорғау және өндіру бөлімінің бастығы Ерік Қасымов «Негізгі ғаламдық маңызы бар экожүйелерді сақтау және орнықты басқару» жобасын іске асыру барысында БҰҰДБ-дан алынған фототұзақ орнатты. 

Осылайша, бір жылға жуық уақыт жұмыс істеген фототұзақ Алтай орманшылығының аумағында қар барысының түсіріп алды. Бұл Сарымсақты жотасынан алынған алғашқы фотосурет. Бұған дейін ұлттық паркте қар барысының фотосуреті мен видеосы Алтай Тарбағатай жотасынан алынған болатын.