Павлодарда мектеп оқушысы жоғалып кетті
Жасөспірім қыз кеше кешкісін үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған

Павлодарда мектеп оқушысы жоғалып кетті. Хабарсыз кеткен оқушы жайлы қандай да бір мәліметтер болса, полицияға немесе еріктілерге хабарлауды сұрайды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.
"2021 жылы 28 сәуірде сағат 21:00 шамасында 15 жастағы Рената Мансурова Ростовская көшесіндегі 35-ші үйден белгісіз бағытта кетіп қалған. Содан бері осы уақытқа дейін хабар жоқ", - деп жазады VITA іздеу тобының Instagram-дағы аккаунты.
Қыз баланың белгілері: бойы 160-165 см, қоңыр көзді, қара шашты, дене бітімі жұқа келген. Сол аяғында крест түріндегі татуировка бар. Ренатаның кетерінде не кигені белгісіз.
Жоғалған жасөспірім туралы ақпарат болса, 7 747 615 55 63 (Екатерина), 8 777 334 82 01 (Светлана) немесе 102 нөмірлері бойынша қоңырау шалыңыз.