$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.04.2021, 10:50
Оқиғалар

Атырау облысында жалғыз перзентін қатыгездікпен өлтірген анаға қатысты мән-жай анықталды

Күдікті әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды

Атырау облысында жалғыз перзентін қатыгездікпен өлтірген анаға қатысты мән-жай анықталды
көрнекі сурет

26 сәуірде Құрманғазы ауданындағы Көптоғай ауылының тұрғыны - 42 жастағы келіншек 4 айлық сәбиіне бір емес, бірнеше рет ас үй пышағын сұққан. Әйелдің жалғыз перзентіне мұндай қатыгездік танытуының себебі әзірге белгісіз. Күйеуі бұл кезде үйде болмаған, шаруаларымен аудан орталығына кеткен. Қазір бұған қатысты «қасақана жас баланы өлтіру» бабымен іс қозғалып, күдікті әйел қамауға алынды.

Ал ауыл әкімдігіндегілердің Astana TV-ға айтуынша, ата-анасы баланы жергілікті емханаға тіркетпеген, медициналық көмекке жүгінбеген.

«Негізі Атыраудың тұрғыны, осы жаққа келін болып түсіп, мында пропискаға отырды. Жұмыссыз, үйде отырған кісі. Басқа балалары жоқ, осы тек бірінші баласы. Кішкентайын бізге есепке тіркетпеген екен. Прививканы бізден алмаған. Атыраудан алған.  Бізге ешқандай медициналық көмек бойынша жүгінбеген», - дейді Көптоғай ауылдық округі әкімінің уақытша міндетін атқарушы Гүлбаршын Баженова.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет 42 жастағы әйелдің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын айтты.

«Көптоғай ауылындағы 4 айлық нәрестенің өліміне қатысты қазір Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Осы іске күдікті 1979 жылғы туған анасы уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді Мейірім Ердәулет.

Бұл - өңірдегі бірінші жағдай емес. Дәл осыған ұқсас оқиға бірнеше ай бұрын Сағыз ауылында да болған. 35 жастағы келіншек үйінде босанып, жаңа туған баласын  қоқысқа лақтыра салған еді.   Шақалақтың өлі денесін полицейлер 100 метр жерден тапқан болатын.

Серіктес жаңалықтары