ШұғылЕлімізде тағы 7778 адамнан коронавирус анықталды

Алматыда «Барахолка» базары өртенді

 Өртті сөндіруге 40 адам мен 10 техника бірлігі жұмылдырылды

Алматыда «Кенжехан» базарынан өрт шықты. Базардың автобөлшектер сататын аумағы отқа оранған. 6 минуттың ішінде оқиға орнына жеткен мамандар қызыл жалынның базарға түгел жайылуына жол бермеді. 

«29 сәуір күні сағат 9:25-те Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Алатау ауданы, Солтүстік айналым, 116, "Кенжехан-1" сауда орыны мекенжайы бойынша контейнерлердің жанғаны туралы хабарламаға шықты. 6 минуттің ішінде келген соң 3 екі қабатты контейнерлер тобының (автобөлшектер) ашық жалынмен жануы анықталды. Оттың жапсарлас контейнерлерге таралу қаупі туындады. Дереу өрт оқпандары беріліп, автоцистерналар гидранттарға орнатылды. Қабылданған шаралармен өрт 9 минут ішінде оқшауланды. Оттың  жапсарлас тұрған материалдық құндылықтарымен толы контейнерлерге  таралуына жол берілмеді»,- деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД баспасөз  қызметі. 

 Өртті сөндіруге 40 адам мен 10 техника бірлігі жұмылдырылды.