ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

Алматы облысында мембағдарламамен үй алып беремін деп тұрғынды алдаған алаяқ ұсталды

Күдіктінің 39 жастағы жергілікті азамат екені анықталды

Алматы облысында мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін деп тұрғынды алдаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбекшіқазақ ауданында «мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін» деген Есік қаласының тұрғынын алдап соққан 39 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

23 сәуірде Еңбекшіқазақ АПБ кезекші бөліміне 33 жастағы Есік қаласының тұрғыны, арнайы мемлекеттік бағдарламамен Есік қаласынан үш бөлмелі пәтер алуға көмектесемін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 1,6 миллион теңге көлемінде ақша қаражатын иемденген азаматқа қатысты заңды шара қолдануын сұрап, арызданған. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді.

«Қылмыстық істі тергеп тексеру барысында күдікті 39 жастағы жергілікті тұрғын анықталды. Ол жауап алу барысында ерлі-зайыптылардың сеніміне кіріп, арнайы мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін деп 1,6 миллион теңге көлемінде қаражат алғанын жеткізді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты «келу туралы міндеттеме» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты таратылмайды», – деп хабарлады Еңбекшіқазақ АПБ бастығының бірінші орынбасары Жақсылық Алтынбаев.