$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.04.2021, 17:12
Оқиғалар

ШҚО-да жеті адамнан тұратын қылмыстық топ әшкереленді

Олар есірткі саудасымен айналысқан

ШҚО-да жеті адамнан тұратын қылмыстық топ әшкереленді

Полиция қызметкерлері ШҚО мен Алматы облысында әрекет еткен ірі есірткі желісін жойып, ауқымды операция өткізді. Іс-шара барысында ШҚО-да жеті адамнан тұратын қылмыстық топ әшкереленді, олардың үшеуі еліміздің оңтүстік өңірінің аумағында тұрған.

Олардың барлығы басқа қалалардан келген, қылмыскерлер қауіпсіздік шараларын мұқият сақтап, жалдамалы пәтерлерді үнемі ауыстырып отырған. қылмыстық топтың барлық іс-әрекетін басқарып отырған Алматы облысындағы есірткі желісінің жетекшісі де анықталды.

Есірткі саудасымен айналысатын әр қатысушының өз рөлі болған. Белгілі бір топ есірткіні жеткізуге жауапты болған, енді біреулері оны дозасы бойынша өлшеп, кейін қаладағы арнайы орындарға қойып кетіп отырған. Тінту барысында сатуға дайын шамамен 10 келі синтетикалық есірткі тәркіленді, бұл шамамен 100 000 реттік дозаға тең.

«Есірткі тасмалдаушыларға тауар көлік-логистикалық компаниялар арқылы жасырын қосалқы бөлшектер түрінде жөнелтілген. Есірткісі жасырылған барлық автобөлшектерді қызметтік-іздестіру иттері таба алмайды деген үмітпен, лак-бояу пайдаланып, мұқият бояған, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Бір апта ішінде қала аумағында әрекет еткен барлық есірткі тасымалдаушылар қамауға алынды. Өз үйлерін жалға берген пәтер иелері жалдаушылардың пәтерді есірткіні өлшеп-дайындау цехына айналдырғанын көріп, жағасын ұстаған.

Одан кейін кезек Алматы облысындағы есірткі желісі жетекшілеріне жетті. Талғар ауданына қарасты Қызылқайрат ауылындағы жалдамалы үйде синтетикалық есірткі дайындап, өлшеп-орайтын есірткі зертханасын ұйымдастыруға тұтастай бір отбасының қатысы бары анықталды.

Тергеу барысында күдіктілер «Telegram» мессенджері арқылы есірткіні байланыссыз таратумен айналысқаны, ал әлеуетті клиенттерден төлемді электрондық төлем жүйелерінің көмегімен қабылдағаны анықталды.

Ауқымды арнайы операция нәтижесінде 21-49 жас аралығындағы 7 адам қамауға алынды. Тәркіленген заттардың «қара базардағы» құны шамамен 167 млн теңгеге бағаланады. Күдіктілердің іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сараланды. Күдіктілер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары