26.04.2021, 16:05
Оқиғалар
Павлодар облысында ер адамның өртеніп кеткен денесі табылды
Өлімнің себебі анықталып жатыр
Павлодар облысында ер адамның өртеніп кеткен денесі табылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз конференциясында өңірлік ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Алексей Двинянин айтты.
"Сенбі күні Павлодар ауданы Жаңа қала ауылының Жайылма аумағын өрттен сөндіру кезінде ер адамның жанған денесі табылды", – деді спикер.
Марқұмның денесі сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне берілді.
Ер адамның өлімінің себебі анықталуда.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды