ШұғылЕлімізде тағы 7778 адамнан коронавирус анықталды

«СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысына «жаппай вирус жұқтырды», «заңсыз қару сақтады» деген айыптар тағылды

Берік Шәріп лауазымды өкілеттігін пайдаланғаны және заңсыз қару сақтағаны үшін айыпталуда

Фото: inform,kz

Нұр-сұлтан қаласының Есіл аудандық сотында «СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысы Берік Шәріптің ісі бойынша басты сот талқылауы өтуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Tengrinews ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

«СҚ-Фармацияның» экс-басшысы ҚК-тің 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы «Лауазымдық өкiлеттiгін теріс пайдалануының ауыр салдарға әкеп соғуы» және ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігіне сәйкес «атыс қаруларын, оқ-дәріні, қару-жарақты немесе жарылғыш заттарды ұрлау, оларды заңсыз алып жүру, ұстау, жасау немесе өткізу» бойынша айыпталуда.

Алдын ала тыңдауда Берік Шәріптің адвокаттары оны қамаудан босатуды немесе үйқамаққа ауыстыруды сұраған, алайды сот бұл өтінішті қабылдамады.

Сот залында Б.Шәріп «Inkar» ЖШС тасымалдаушысын заңсыз таңдағаны үшін айыпталуда. Нақтырақ айтқанда, тасымалдаушы компания бір реттік қорғаныс костюмдеріне басқараларға қарағанда жоғары баға сұраған және тауарларды уақытылы жеткізетініне еш кепілдік бермеген. Нәтижесінде ЖШС медициналық бұйымдарды дер кезінде жеткізу бойынша өз міндеттемелерін орындамағандықтан 30 сәуірде «СҚ-Фармация» компаниямен шартты біржақты тәртіппен бұзған. 

«Салдарынан Алматы, Нұр-сұлтан, Шымкент, Қарағанды және еліміздің басқа да өңірлеріндегі бірқатар медициналық ұйымдарда қорғаныш костюмдерінің тапшылығы сезіліп, медициналық ұйымдардың қалыпты қызметінің бұзылуына әкеп соқты.  Сондай-ақ, медицина қызметкерлерінің 2020 жылғы сәуір-мамыр кезеңінде коронавирустық инфекцияны жаппай жұқтыру жағдайлары тіркелді", - деп хабарлады сотта прокурор Күпербаев.

Сотта куәгер ретінде сөз сөйлеген ДСМ өкілі бұл кезеңде екі мыңға жуық медициналық қызметкерлердің COVID-19-ға шалдыққанын мәлімдеді.

Айта кетерлігі, Берік Шәріп 2006 жылдың қазанынан 2008 жылдың сәуіріне дейін Оңтүстік Қазақстан облысында (қазіргі Түркістан облысы) тұрып, ОҚО денсаулық сақтау департаментінде жұмыс істеді.

«Осы кезеңде Шәріп Шымкенттің қару-жарақ дүкенінен МР-461 "Қарауыл" маркалы ұңғысыз атыс қаруын, 18х45 калибрлі тапаншаны, сондай-ақ тапаншаға жарақат салатын патрондарды сатып алды. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Заңның 6-бабына сәйкес ұңғысыз атыс қаруы қызметтік қаруға жатады. Алайда оқ қаруын сақтауға және алып жүруге тиісті рұқсаты жоқ Шәріп 2007 жылдың 6 тамызынан 2020 тамызына дейін өзін-өзі қорғау тапаншасын заңсыз сақтаған», - деді прокурор.

Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, аталған қару Берік Шәріптің пәтерінен 2020 жылдың 6 тамызында тінту кезінде табылған.

«ІІМ ӘПК жауабына сәйкес, жоғарыда аталған қаруды сатып алуға, сақтауға және алып жүруге құжаттар берілмеген. Бұл ретте Шәріп 2014 жылдан бастап 12-калибрлі МР-153 және 12-калибрлі ИЖ-27 екі тегіс ұңғылы қарудың иесі болып табылады. Осылайша, Шәріп Қылмыстық кодекстің 287-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасап, яғни атыс қаруын заңсыз сақтаған», - деді прокурор айыптау актісінде.