24.04.2021, 21:52
Оқиғалар
Алматыда бірнеше сағат бойы полицейлермен атысқан ер адам 17-қабаттан секіріп кетті
Ол бұған дейін үйдің күзетшісін атып тастаған болатын
Алматыда “Бұқар Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінің тұрғыны 17-қабаттан секіріп кетті деп жазады Azattyq Ruhy тілшісі. Ол бірнеше сағат бойы пәтеріне тығылып, полицейлермен атыс жүргізген.
Күдікті бүгін түс кезінде сол үйдің күзетшісін аяғынан атып тастаған болатын. Бұдан соң үйіне тығылған.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті аңшы мылтығымен қаруланған. Атыс кезінде бір полицей жараланды деген ақпарат тарады.
Күдікті тұрғындардың ортақ чатында көршілеріне тіл тигізіп, өзін үнемі агрессивиті ұстағаны да айтылды.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді