Алматыда әйел адамды аяусыз өлтірген тұрғын 10 жылға сотталды
Ер адам қатыгез қылмысты есірткіге масаң күйде жүріп істеген
Алматыда сүйіктісін аяусыз өлтірген ер адам 10 жыл 6 айға сотталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Әңгіме 2017 жылдың соңында өзінің 42 жастағы серігін өлтірген 30 жастағы Альберт Хасиев туралы болып отыр. Ер адамның қатыгез қылмысты есірткіге масаң күйінде істегені анықталды.
«Кісі өлтіру оқиғасы Хасиев атты азаматтың өзінің сүйіктісімен қарым-қатынасын анықтауға тырысқан Баум тоғайы аумағында болды. Шешуші аргумент ретінде қаскөй доғал затты қолданып, онымен әйелдің басынан ұрған. Содан кейін күдікті оны бірнеше рет пышақтап тастаған. Ер адам қылмыстың іздерін мұқият жасыруға тырысқанына қарамастан, оның қылмыстық әрекеті анықталып, күдікті қамауға алынды. Осылайша, Хасиев қасақана кісі өлтірген, яғни ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекетке барған. Оның кінәсі сотқа дейінгі тергеу барысында дәлелденді. Қылмыстық іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді. Кейіннен А. Хасиев 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, жазасын қатаң қауіпсіздік жағдайында өтейді», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.